TIMSS халықаралық зерттеу нәтижесі: жамбылдық оқушылар І орында
- авторjambylinfo.kz
- 10 желтоқсан, 2020
- 575
Жамбыл облысының 4, 8 сынып оқушылары TIMSS халықаралық зерттеуіне қатысып, республика бойынша жоғарғы көрсеткішпен 1 орынды иеленді.
Халықаралық негізгі зерттеудің нәтижесінде облыстың 4 сынып оқушылары «Математикалық сауаттылық» бойынша 556 балл жинап, республикалық көрсеткіштен 44 баллға жоғарылады. Ал 8 сынып оқушылары 584 баллмен республикалық көрсеткіштен 96 баллға жоғары тұрды.
Сондай-ақ, «Жаратылыстану сауаттылығы» бойынша 4 сынып оқушылары 545 балл жинап, республикалық көрсеткіштен 51 баллға жоғары нәтиже көрсетті. Ал 8 сынып оқушылары 559 балл жинады. Бұл республикалық көрсеткіштен 81 баллға жоғары.
Жалпы TIMSS-2019 халықаралық негізгі зерттеуіне облыс бойынша 17 білім мекемесінен 4 сыныптан 396 оқушы, 8 сыныптан 402 оқушы қатысқан. Сонымен қатар 4 сыныптың 21 жетекшісі мен 8 сыныптың 110 жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдері арнайы берілген сауалнамаларды толтырған.
Кәмшат ҚАДЫРjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз