жексенбі, 7 шілде, 2024 9:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жапонияда коронавирус жұқтырудың рекордты көрсеткіші тіркелді

Жапонияда коронавирус жұқтырудың рекордты көрсеткіші тіркелді
ашық дереккөзі
Жапонияда коронавирус жұқтырудың рекордты көрсеткіші тіркелді
Жапонияда соңғы тәуліктерде коронавирустың жаңа түрін жұқтырудың 2810 дерегі тіркелген. Пандемия басталғалы бері елде мұндай көрсеткіш болмаған. Жапонияның денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні COVID-19 жұқтырған 2810 адамның тіркелгенін хабарлады. Осылайша, бұл елде коронавирус диагнозы 169 285 адамға қойылып отыр. Сәрсенбі күні 45 адам аурудан қайтыс болған. Ал коронавирус құрбанына айналғандардың жалпы саны 2475 адамды құрап отыр. Интенсивті терапия бөлімінде жатқан науқастар саны да артуда. Мәселен, сәрсенбі күні 555 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ел астанасы Токиода 9 желтоқсанда коронавирустың 572 дерегі тіркелген. Жапонияның бас шаһарындағы ауру жұқтырғандардың жалпы саны 44 927 адамға жетіп отыр. Үкіметтің вирусқа қарсы іс-әрекет тобының басшысы Сигеру Оми "Go To Travel" бағдарламасы бойынша сапарларды тоқтата тұруға кеңес берген. "Қазіргі вирусты инфекция жағдайында оны тоқтатқан дұрыс. Экономикаға көмектесу үшін ауру жұқтыру саны азайғаннан кейін үкімет оны қайта бастауы керек", - дейді Сигеру Оми. nur.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар