Жамбыл облысында 6,5 миллион қорап темекі мен 174 мың вейп тәркіленді
- авторМағжан Орынбасар
- 28 ақпан, 2024
- 1.2k
Экономикалық тергеп-тексеру департаментің өкілі Жағыпар Исатаев мәлім еткендей, былтыр Жамбыл облысында құны 5 млрд теңгеден асатын өнімдер, атап айтсақ, 6,5 миллион қорап темекі мен 174 мың вейп заңсыз айналымнан алынған, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Баспасөз брифингінде Жағыпар Исатаев мәлім еткендей, көлеңкелі кәсіп айналымынан алынған тауарлар бойынша 23 қылмыстық іс тіркеліп, 15 іс сотқа жолданған. Қазіргі таңда 5 факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Айта кетерлігі, темекі өнімдері Қырғызстаннан шекара арқылы өткен.
"Тауарлар Қазақстан жеріне тасымалданған, оны ұйымдастырушылар қазақстандықтар. Мысалы, 23 ақпан күні Рысқұлов аудандық сотында темекі өнімдерінің көлеңкелі сауда айналымындағы ұйымдастырушыға үкімі шығып, кінәлі деп танылды. 2 қылмыстық іс қозғалды. Айыппұл салынып, заңсыз өнімдері мемлекетке кіріс есебінде қайтты. Ережеге сай, бұлар еліміздің тұлғалары екендігін анықталды",-деді Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері.
Дереккөзге сүйенсек, Тараз қаласы бойынша жүргізілген 75 тексеріс кезінде 1млн 360 мың қорап темекі тәркіленген. Айта кететіні, заңсыз контрафактілі тауарлардың басым бөлігі теміржол тасымалы арқылы келеді.
"Анықталған ірі көлемдегі заңсыз тасымал теміржолмен жүзеге асады. Бұл шекара қызметімен анықталған 1,3 млрд, 1,8 млрд көлеміндегі тауарлар. Мұны үлкен көлем деп айта аламыз. Сәйкесінше, акциз көлемі де миллиондарды құрады. Сондықтан ең үлкен көлем мен тәуекел теміржол транспортында тіркеледі",- дейді Жағыпар Исатаев
Сондай-ақ 2022 жылы департамент қызметкерлері алкоголь өнімдерін шығаратын жерасты цехын анықталған. Бұл цехта жалған тіркеу-бақылау маркалары бар 20 мыңнан астам бөтелке суррогат спирті тәркіленген. Бұдан бөлек, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 99 642 бөтелке немесе 41 634 литр алкогольдік өнімдер анықталған. Департамент өкілінің айтуынша, бұл өнімдер тұтынушылардың денсаулығына орасан қауіп төндіреді.
"2021 жылы облыстық денсаулық сақтау ұйымдарына суррогат алкоголь өнімінен улану бойынша 93 адам анықталды. Ал, 2022 жылы – 22 адам белгілі болса, 2023 жылы – 36 адам жүгінген",-деді Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері
Синоптиктер 12 қаланың тұрғындарына ескерту жариялады
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024