Астана маңындағы Қоянды ауылының жолына бөлінген 1,2 млрд теңгені жымқырған адам Дубайда жүрген
- авторjambylinfo.kz
- 28 ақпан, 2024
- 1.3k
Целиноград ауданының прокуратурасы автожол саласында қаражатты тексере келе, Қоянды ауылының көше желілерін күрделі жөндеп, салу кезінде жерглікті атқарушы органның бұрынғы басшысы кәсіпкермен сыбайласа отырып, 1,2 млрд.теңге сомасына бюджет қаражатын ұрлағанын анықтаған.
Аудан прокуратурасы тіркеген 2 қылмыстық істі сотқа дейін Ақмола облысының прокуратурасының арнайы прокурорлары жүргізген.
«Іс қозғалған кезде Біріккен Араб Әмірліктерінде болған Целиноград ауданының жергілікті атқарушы органының бұрынғы басшысы қамауға алынған. 1,2 млрд теңгеден астам көлемінде келтірілген залал толық өтелді, тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді», - деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.
2024 жылғы 12 ақпанда осы тұлға Целиноград аудандық сотының үкімімен ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, бас бостандығынан айрылды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024