«Туристер таңғалады». Жуалыдағы курортта бизонның сүтінен моцарелла сыры өндіріледі
- авторjambylinfo.kz
- 5 қыркүйек, 2024
- 449
Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек «Қаралма» тау-шаңғы кешеніне туристерді тарту үшін қандай жұмыстар жасалатынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ең бірінші облыстағы туристік аймақтардағы инфроқұрылым мәселелері шешіледі. Ал, бес жылдан бері бітпей тұрған «Қаралма» демалыс кешінін қайта жандандыруға бел байлаған Aq Niet Group компаниясы мегажобаны гүлдендіруге күш салады.
Әбілхайыр Тамабектің сөзінше, инвесторлар туристік аумаққа шетелден 50 бизон әкелуге ниетті. Оны көрер көзге сән үшін ғана асырамай, сүтін сауып, моцарелла сырын өндіреді екен. Бұл тау-шаңғы кешеніне турист тартудың тың тәсілі дейді шенеунік.
- «Қаралма» тек қыста ғана жұмыс істемейді. Тау-шаңғы кешінен бөлек, мұнда этноауыл болады. Киіз үй тігіліп, жаз басталған уақыттан күн суығанша жұмыс істейді,- деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Әнші Лолита Милявская Ресейден кетті
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024