сенбі, 28 желтоқсан, 2024 14:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тыйым салынған заттарды жасырын өткізбек болған азамат жауапкершілікке тартылды

Тыйым салынған заттарды жасырын өткізбек болған азамат жауапкершілікке тартылды
Ашық дереккөз
Тыйым салынған заттардың қылмыстық-атқару жүйесіне енуі мекемедегі тәртіп пен қауіпсіздікке қауіп төндіретіні белгілі

ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №58 мекемесінде қызметкерлердің қырағылығы тағы бір заң бұзушылықтың жолын кесті. Олар мекеме аумағына тыйым салынған заттарды жеткізуге тырысқан азаматты анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

А. есімді азаматтың алып келген сәлемдемесін тексеру барысында, ерекше айлакерлікпен жасырылған заттар табылды. Атап айтқанда, вафлидің ішіне OPPO және VIVO маркалы екі телефон жасырып, пластикалық майонез шелегіне полиэтилен пакетке оралған екі қуаттағыш салған. Бұл заттарды мекемеге жасырын өткізуге талпынған азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 481-бабының 1-тармағы бойынша хаттама толтырылды.

Мекеме қызметкерлері 2024 жылдың басынан бері осындай тоғыз заң бұзушылықтың жолын кесіп, тыйым салынған заттардың ішке енуіне мүмкіндік бермеді. Бұл мекеме қызметкерлерінің қырағылығы мен адал жұмысының айқын көрінісі.

Тыйым салынған заттардың қылмыстық-атқару жүйесіне енуі мекемедегі тәртіп пен қауіпсіздікке қауіп төндіретіні белгілі. Сол себепті мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу үшін бақылау шаралары күшейтілген. Мекеме қызметкерлері осы бағытта өз міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқаруда.

Жауапты тұлғалар азаматтарды заңды сақтауға шақыра отырып, мекемеге қандай да бір тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеттері заң жүзінде қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар