Жамбыл облысының оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде ҰҚКД ТҚО бөлімі Тараз қалалық емханасы мен «Март» сауда орталығында ақпараттық - түсіндіру іс-шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жалпы қатысушылардың саны 60 адамды құрайтын кездесуге мекемелердің басшылықтары және қызметкерлері қатысты.
Сарапшылар ретінде ҰҚКД өкілдері сөз сөйледі.
Кездесу барысында «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының негізгі ережелері айтылды, әлемде және ТМД елдерінде жасалған терроризм актілері туралы мысалдар келтірілді.
Терроризм актісін жасау қаупі төнген кездегі «Алғашқы әрекеттер ету алгоритмі» талаптары жеткізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша мекеме әкімшілігі мен қызметкерлеріне қауіп төнген кездегі алғашқы әрекеттер туралы ұсыныстар берілді.
Ұқсас жаңалықтар
Ербол Қарашөкеев өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024