Жамбыл жаңалықтар
«Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы арқылы жастар баспаналы бола алады
- авторjambylinfo.kz
- 6 сәуір, 2024
- 476
Жамбыл облысында үшінші жыл қатарынан жүзеге асып келе жатқан «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы биыл да өз жалғасын табады, деп жазады Jambylinfo.kz
Тұрғын үйді несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға екі миллиард теңге бөлініп, оның жартысы жергілікті бюджеттен қаралса, тағы бір миллиарды «Отбасы банкі» тарапынан бөлінген. Нәтижесінде биыл 135 жасты баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Қазіргі таңда тараптар арасында келісім жасау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кету керек, былтырғы жылы 144 жас аталған бағдарлама аясында баспаналы болған еді.
Бүгінгі күні облыста 14 пен 35 жас аралығында 354 мыңнан астам жас тұрады. Бүл облыс тұрғындарының 29,0 пайызын құрайды.
Өңірде аталған бағдарлама арқылы көптеген жастың арманы орындалып, баспана мәселесі шешімін тауып келеді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Президент үндеуі: Ең бастысы-адам шығынын болдырмау
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Таразда балабақшалардың бірлескен семинары өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 қараша, 2024