дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президент үндеуі: Ең бастысы-адам шығынын болдырмау

Президент үндеуі: Ең бастысы-адам шығынын болдырмау
Президент үндеуі - тікелей эфирден
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар облысындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тоқаев халыққа үндеуінде еліміздің төтенше жағдай жарияланған 10 өңіріндегі ахуал соңғы 80 жылдан астам уақыттағы ең үлкен апат болуы мүмкін екендігін айтты. Сондай-ақ жергілікті жерлердегі барлық құтқару жұмыстары бақылауында екендігін атап өтіп, су тасқынының салдарымен күресуге  ТЖМ-нің барлық ресурстары, сондай-ақ ІІМ, Ұлттық ұлан, Қарулы күштер мен ҰҚК күштері жұмылдырылғанын жеткізді.

 -  Әкімдіктер тәулік бойы жұмыс істейді, оларға бірнеше он мыңдаған еріктілер үлкен көмек көрсетеді. Жағдай қиын, бірақ үміт үзбеуіміз керек, біз бұл жағдайды түзетеміз. Ең бастысы-адам шығынын болдырмау,- деді президент

Сонымен қатар, күрделі жағдайға тап болған аймақтарда ешкім назардан тыс қалмайтынын, барлығына көмек көрсетілетінін, барлық шығындар өтелетінін баса айтты. Үкіметке мемлекеттік резервті пайдалануды тапсырды.

- Вице-премьерлер жағдайды қалыпқа келтіргенге дейін күрделі ахуалы бар өңірлерде болады. Бұқаралық ақпарат құралдарына, пікір көшбасшыларына және блогерлерге айтарым: дүрбелеңге ықпал ететін жалған ақпаратты таратпаңыздар. Құтқарушыларға, полицейлерге, еріктілерге және барлық қамқоршыларға алғысымды білдіремін. Ел үшін қиын сәтте біздің қоғамымыздың бірлігі бұрынғыдан да маңызды,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар