Құқықтық тұрғыда сауатты болу – маңызды
Қазіргі таңда еліміздің алдына қойған аса маңызды міндеттің бірі – құқықтық мәдениеті жоғары, заңды құрметтейтін, гуманизм мен әділеттілік қағидаттары әрекет ететін құқықтық әрі азаматтық қоғам құру міндеті тұр. Ал бұл мақсатқа жету жолында қарапайым халықтың құқықтық санасы мен мәдениетінің, әлеуметтік және зияткерлік дамуының деңгейі жоғары болуы тиіс. Сондай-ақ өз таңдауын еркін қабылдаған және өз әрекеттері үшін дербес жауап беруге қабілетті болуы шарт.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауының бесінші бағдарын «Заң және тәртіп» деп атауы кездейсоқтық емес. Президент қоғамда заң үстемдігі болмайынша және азаматтардың құқықтары өз деңгейінде қорғалмайынша, құқықтық мемлекетті құра алмайтынымызды анық аңғарып, ел азаматтарының құқықтық сауатты болуы құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетке байланысты екенін атап өтті.
- Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет. Осыған орай, қазылар қауымын шұғыл түрде қайта іріктеп, жаңартып жасақтау керек. Қазылар жоғары білікті, адал, сондай-ақ, жемқорлықтан таза болуы қажет. Ең алдымен, барлық судьялардың мәртебесін теңестірген жөн. Олар өзінен жоғары тұрған әріптестеріне тәуелді болмауы керек. Келесі мәселе – құқық қорғау органдарын реформалау туралы. Бұл сала әрдайым қоғамның жіті назарында, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев бас құжатта.
- Құқықтық тұрғыда сауатты болу – қоғамда заңның үстемдік құруына, азаматтардың қауіпсіз күн кешуіне зор септігін тигізеді. Сондай-ақ құқықтық сауаттылық – сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл бола алады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың да құқық қорғау қызметкерлері жүктеген міндеттің бірегейі де осы. Рас, бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің рөлі айрықша. Өйткені, ата-анасы дұрыс тәрбие берсе, ұстаздары оң бағытқа жөн сілтесе жас буын өз жолынан адаспайды. Бүгінде тәртіп сақшылары білім беретін мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде. Мәселен, оқу ошақтарына арнайы барып, жоғары сынып оқушыларымен жиі кездесу өтіп тұрады. Мұндай жүздесулерде ең алдымен құқықтық сауаттылық жөнінде кеңінен айтылады. Біле білсек, құқықтық білімді бойына сіңірген жасөспірім заңды құрметтеп, оны орындауға талпынады. Осылайша, құқықтық сананың негізгі белгілері қалыптасады, - дейді Әлібек Қарабаев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Foreign Dating Sites
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024