жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ғылым таппай мақтанба» республикалық оқушылар айтысының облыстық іріктеу кезеңі өтті

«Ғылым таппай мақтанба» республикалық оқушылар айтысының облыстық іріктеу кезеңі өтті
Фото - ашық дереккөз
Айтысқа облыс бойынша 7–11 сынып оқушылар арасынан 9 оқушы қатысты

«Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ғылым таппай мақтанба» республикалық оқушылар айтысының облыстық іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Айтыс 3 кезеңнен өтті: іріктеу, финал, суперфинал. Қатысушылар суырып салмалық, тақырыпты ашу, сахна мәдениеті және ойдың ұтқырлығы бойынша бағаланды. Айтысқа елімізге танымал айтыскерлер мен өнер қайраткерлері қазылық етті: Атап айтсақ, қазылар алқасының төрағасы: Исақов Айтмұханбет Құттыбайұлы - Мәдениет саласының үздігі, Жамбыл ауданының құрметті азаматы. Мүшелері: Есет Досалы - Мәдениет саласының үздігі, «Ақ жол» газетінің аға тілшісі. Қамбатыров Ербол Дәулетұлы - ҚР Театр қайраткерлері одағының мүшесі, Халықаралық айтыскерлер мен жыршы-термешілер одағының мүшесі, ҚР мәдениет саласының үздігі, айтыскер-ақын.

Нәтижесінде республикалық айтысқа жолдаманы яғни БАС ЖҮЛДЕНІ Мирас Жамалбек (Жамбыл ауданы, 8 сынып) алды. І орын: Әсел Мұратқызы  (Жамбыл ауданы, 8-сынып) мен Маржан Серік  (Талас ауданы, 10-сынып); ІІ орын Мерей Жамалбек  (Жамбыл ауданы, 10-сынып), Ержігіт Ораз (Тараз қаласы, 11-сынып), Керімбай Райымбек  (Байзақ ауданы, 4-сынып); ІІІ орын: Қанат Айбек  (Тараз қаласы, 6-сынып),  Алишев Мансұр (Тараз қаласы, 8-сынып), Сұлтанхан Айша  (Тараз қаласы, 4-сынып) қанжығаларына байлады.

Айтыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жас буын өкілдерінің ұлттық өнерге деген қызығушылығы мен суырып салмалық қабілетін дамытуға зор үлес қосты. Айтыс барысында жас ақындар тапқырлығымен, шешендігімен ерекшеленіп, көрермендерге рухани әсер сыйлады.

 

 

 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар