жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Pizza Pitch: Тараздың жас стартаперлері AI жобаларымен көзге түсті

Pizza Pitch: Тараздың жас стартаперлері AI жобаларымен көзге түсті
Фото - ашық дереккөз
Zhambyl Hub алаңы жас инноваторлар мен тәжірибелі кәсіпкерлердің кездесу орнына айналды. Мұнда 10 команда өз стартап-идеяларын сарапшыларға ұсынып, кері байланыс пен қолдау іздеді.

Байқаудың негізгі мақсаты – өңірдегі технологиялық кәсіпкерлікті қолдау, жасанды интеллектке негізделген жобаларды дамыту және жас стартаперлердің инновациялық бастамаларын қолдап, ары қарай дамыту үшін 150 000 теңгелік жүлде қорын үлестіру.

Pizza Pitch деп аталатын бұл форматта жас командалар өз жобаларын небәрі бірнеше минут ішінде таныстырып, қазыларға идеясының өміршеңдігін дәлелдеуі тиіс. Мұндай модель әлемнің ірі инновациялық орталықтарында кең қолданылып келеді және енді Тараздағы жастар да осы үрдіске қосылып отыр.

Байқауға жалпы 43 жоба ұсынылып, олардың ішінен 10 команда финалға өтті. 

Нәтижесінде қазылардың шешімімен үш команда үздік деп танылды. 

Бірінші орынды Raven AI командасы иеленіп, 75 000 теңге жүлде алды. Олар жиналыс хаттамаларын жасанды интеллект көмегімен автоматты түрде дайындайтын сервисті таныстырды, әрі жоба Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінен 700-ге жуық қолданушы жинап үлгерген. 

Екінші орынға Team Quokka тобы лайық деп танылып, офис құжат айналымын автоматтандыратын AI шешімін ұсынды және 50 000 теңге жүлдеге ие болды. 

Үшінші орын алған Дрим Тим командасы жест тілін интерактивті үйрететін онлайн платформасын таныстырып, 25 000 теңгені иеленді.

Аталған жеңімпаздардыдың барлығы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары. 

Ал ең көп жоба Жамбыл Инновациялық Жоғары Колледжі тарапынан ұсынылды, бұл өңірдегі білім беру ұйымдарының IT бағытына қызығушылығының артқанын көрсетті. 

Қазылар тараздық жастардың технологиялық ойлау деңгейін жоғары бағалап, мұндай шаралар өңірдің инновациялық әлеуетін күшейтуге ықпал ететінін атап өтті.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар