сенбі, 21 маусым, 2025 4:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Заң бар жерде – тәртіп бар

Заң бар жерде – тәртіп бар
Фото: Jambylinfo.kz
Шу ауданы 1931 жылы құрылған – тарихи терең, әлеуметтік маңызы зор өңір. Ауданда 1 қала, 18 ауылдық округ, 34 ауыл бар. Қазіргі таңда өңірде қылмыс деңгейі 9,1 пайызға төмендеген. Ал, қоғамдық орындарда – 50 пайызға, көшелерде – 83,3 пайызға азайған.

Бүгін Шу ауданында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтың төрағалығымен «Заң және тәртіп» тақырыбында жастармен кездесу өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жиынға облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Жанаев пен облыстық Әділет департаментінің басшысы Нұрғали Андасов қатысты.

Кездесу барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов жастарға арнап сөз сөйлеп, құқықтық тәрбие берудің маңыздылығына тоқталды:

«Бүгінгі буын – ертеңгі елдің тірегі. Әрбір жас заңды білуі, оған құрметпен қарауы – қоғам тұрақтылығының негізі. Құқықтық мәдениеті қалыптасқан ұрпақ – болашақтың кепілі», – деді Сәлемов.

Ал полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Жанаев өз баяндамасында жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлері мен олардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды баяндады. Облыстық Әділет департаментінің басшысы Нұрғали Андасов жастардың құқықтық білімін күшейту, құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті арттыру және заңға бағынатын азамат тәрбиелеу жөнінде сөз сөйледі.

Кездесу барысында Шу аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ғани Қойбағаров пен қалалық жастар орталығының директоры Мақсат Шаймерден арнайы баяндама жасап, аудан көлемінде жүзеге асып жатқан құқықтық жобалар мен жастар арасында жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары жөнінде кеңінен айтып өтті.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар