Жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 3 желтоқсан, 2024
- 346
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы лауазымына Ерлан Бейсенұлы Байболат тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ерлан Бейсенұлы 1993 жылы Талас ауданы Қаратау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.
Еңбек жолын 2015 жолын құқық қорғау органдары саласынан бастаған.
2018-2019 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің әдіснама басқармасының сарапшысы, 2019-2020 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті нормативтік құқықтық актілерді сараптау басқармасының бас сарапшысы, басшысы, 2020-2022 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаменті нормативтік құқықтық актілерді сараптау және мониторингі басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2022 жылдан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімі аппараты заң қызметінің басшысы, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында еңбек етіп келді.
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024