дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 16:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаңатастағы ахуал: Селден келген шығын көлемі 271 млн теңге

Жаңатастағы ахуал: Селден келген шығын көлемі 271 млн теңге
Жамбыл облысы бойынша ӨКҚ қызметі
Жарамсыз болған  бір үйдің орнына жаңа баспана бюджет ақшасына алынды

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек өңірлік коммуникациялар алаңында Жаңатас қаласында болған селден кейінгі жалпы шығын 271 млн теңге болғанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қанатбек Мәдібектің сөзінше, жарамсыз болып қалған екі үйдің бірі сатып алынса, бірінің қазір құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, тұрмыстық техникалар шығыны бюджеттен бөлінген қаражат есебінен өтеледі. 

-    Жаңатастағы селдің салдары бойынша шығынның көлемі 271 млн теңге болды. Бұл бойынша облыс әкімдігінің қаулысы шығып, Ербол Қарашөкеев қол қойды. Осы аптада төлем төленуі керек. Зардап шеккен үйлерге тиісті көмек көрсетілді. Жарамсыз боп қалған екі үйдің біреуі бюджет қаржысына сатып алынды. Бірі соғылып жатыр. Тұрмыстық техникалар бойынша акті жасалды. Оның шығыны бөлінген 271 млн теңгенің ішінде. Жалпы тұрғындарға барлық көмек көрсетіледі,- деді облыс әкімінің орынбасары. 

Айта кетейік, биыл шілде айының 7-сі күні Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласында таудан аққан сел елді мекенге кірген еді. Салдарынан 47 үй су алып, 2 үй жарамсыз болып қалған. Бұдан бөлек, бір әлеуметтік нысанның жертөлесі суға толған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар