дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 21:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда танымал блогердің ұлы жоғалып кетті

Таразда танымал блогердің ұлы жоғалып кетті
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Даниялды мектепке атасы жеткізіп тастаған

Тараздық блогер, "Барында бағала" кітабының авторы Зарина Бейсенбектің ұлы Даниял бүгін  мектепке кеткен. Алайда баланың  мұғалімі оның мектепке келмегенін айтқан деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Зарина Бейсенбектің айтуынша, ұлын атасы мектепке дейін шығарып салған. Алайда  Даниялдың сынып жетекшісі анасына хабарласып, оның сабаққа келмегенін айтқан.

«Ұлым қаладағы №8 мектеп-гимназиясында оқиды. Атасы сағат 13:10-да сабаққа апарып тастаған. Бірақ ол сабаққа кірмеген болуы мүмкін. Міне, бірнеше сағат өтті балам табылмай жатыр», -деген шарасыз ана қала тұрғындарынан баласын табуға көмектесуді өтінді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар