Жамбыл ауданында 336 млн теңге бөлінген аспалы көпір неге әлі пайдалануға берілген жоқ
- авторМағжан Орынбасар
- 15 сәуір, 2024
- 787
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының тұрғындары 6 жолақты темір жолдан өтерде, жанын шүберекке түйеді. Әлеуметтік нысандарға бару үшін жұрт осындай қауіпті қадамға баруға мәжбүр. Бұл жолмен тек ересектер емес, мектеп жасындағы оқушылар да өтетінін ескерсек, қауіп едәуір жоғары. Тіпті жазатайым оқиғалар да орын алған, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Аса ауылының тұрғындары fспалы көпірдің мәселесін айтып жүргелі аз уақыт болған жоқ. Тұрғындардың сөзінше, көпір мәселесі көпірме сөзбен ғана шешіліп келеді екен. Салдарынан 6 жолақты теміржол бірқатар жазатайым оқиғалардың себепшісі болған.
"Жастар, балабақшаға баратын балалар вагонның астынан өтеді. Қыста шанамен өтуге мәжбүр. Оқушының денесін бөліп немесе аяқ-қолын кесіп кеткен жағдай болды", – дейді ауыл тұрғыны Әбдітәліп Омаров.
Аса ауылын қақ жарып жатқан қауіпті жолдың қос қапталында тұратын халықтың саны 13 мыңдай адам. Бірақ шойынжолдың 1500 адам тұратын бетінде әлеуметтік нысан болмағандықтан, жергілікті халық жұмысқа, мектепке бару үшін рельс пен вагонның арасынан өтеді. Өйткені, 3 мектеп, аурухана мен емхана, әкімдік, қажеттінің бәрі бергі жағында. Осыны ескерсе де, ескермейтіндей көрінетін жергілікті билік жаяу жүргіншілер жолын салуға «Қазақстан темір жолы» рұқсат бермеді дейді. Бірақ, былтыр адам өміріне қауіпті аймаққа ақыры ҚТЖ көпір салуға рұқсатын берген. Сөйтіп аудандық бюджеттен 336 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кетті. Бірақ 5 ай бұрын пайдалануға берілуі тиіс өткел әлі күнге аяқталамаған. Жауаптылар жобаны 1 айда аяқтап, мамырда халық игілігіне тапсыратынын айтып, уәде беріп отыр.
"Қыс мезгілінде ауа райына байланысты жұмыс тоқтады. Құрылыс жұмысы қаңтар айында бітетін болғандықтан, кішкене созылды. Бұл бойынша сотқа қағаз жіберілді. Жұмыс дер кезінде аяқталмағы үшін айыппұл салынады", – деді Жамбыл аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Мақсат Үсенбаев.
Редакция тілшілері бұл мәселені назарда ұстап, көпірде болған жазатайым оқиғалар туралы қосымша материал ұсынады.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024