Елімізде
"Өлгендерге" жалақы төлеп 6,8 млн. тенгені жымқырған мектеп директоры ұсталды
- авторИндира Тәліпқызы
- 15 сәуір, 2024
- 717
Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлады jambylinfo.kz.
Тұран ауданының прокуратурасы хабарлағандай, тексеру барысында 6 843 837 теңге сомадағы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықталған.
«Бұл ақшалай қаражат 2022-2023 жылдар аралығында №73 орта мектепті ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ғимаратты жылытып ұстау үшін көмір жеткізуге бюджеттен бөлінген. Одан бөлек, мектеп директоры «2 өлі жанға» қызметкерге ай сайын еңбекақы төленіп отырғаны белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Қазір аудан прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Елімізде
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024