жұма, 27 желтоқсан, 2024 17:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл ауданында еуропалық үлгідегі этно-туристік демалыс аймағы ашылды

Жамбыл ауданында еуропалық үлгідегі этно-туристік демалыс аймағы ашылды
ашық дереккөзі
Жамбыл ауданында еуропалық үлгідегі этно-туристік демалыс аймағы ашылды
«ZHEIF-2023» халықаралық экономикалық және инвестициялық форумы аясында Жамбыл облысы Жамбыл ауданында «Almaly resort» этно-туристік демалыс аймағы ашылды. «Фортис Констракшн» ЖШС Гродекова ауылдық округі аумағынын ашылған демалыс орталығына бүгінге дейін 700 млн теңге инвестиция салған. Нысанға 10 шақырым электр желісі жүргізіліп, жобада көзделген ғимараттар мен құрылыстар бой көтерді. Құрылыс жұмыстарына 60-80 азамат жұмылдырылған. Жер аумағы 9.6 гектарды құрайды. Орталықтың ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбеков, облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы  және инвесторлар мен бизнес өкілдері қатысты. «Фортис Констракшн» ЖШС басшысы Досан Рымтаев қонақтарға  еуропалық үлгіде салынған орталықтың мүмкіншілігін жан-жақты таныстырып өтті.
– Облыс тұрғындары мұнда таулы аймақтың табиғатын тамашалай алады. Жоба толығымен аяқталғанда, орталық бір мезетте 250 адамды қабылдауға қауқарлы болады. Демалыс орталығында тек қана жазда ғана емес, жыл он екі ай демалуға жағдай жасалуда. Қыс мезгілінде тау бөктерінен шанамен сырғанауға арналған жобаны іске қосамыз. Барлық ғимараттар ауыз су, жылумен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, атпен саяхат, квадроциклмен серуен ұйымдастырылмақ. Бұдан бөлек, 10 киіз үй тігілуде. Жергілікті тұрғындар үшін бағаның қолжетімділігіне назар аударатын боламыз, – дейді Д. Рымтаев.
Сонымен қатар, мұнда 70 адамға арналған 7 котедж, 8 қонақ үй, еуропалық моншалар, 150 адамды тамақпен қамтамасыз етуге арналған кафе-мейрамхана, техникалық және  сервистік нысан, үлкен және орташа бассейн, футбол, тенис алаңдары, 120 адамға арналған ашық демалыс орны, ат спорты алаңшасы, балық өсіруге арналған тоған салынған. Құрылыс жұмыстарын небәрі 10 айда жүргізген серіктестіктің басшысы алдағы уақытта да орталықты түрлендіре түсуге, бірқатар құрылысты аяқтауға 300 млн теңгедей қаражат жұмсалатынын айтып өтті. Қонақтар орталықтағы жұмыстарды жақсы бағалады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар