Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысы қаржыландырылған бизнес-жобалар саны бойынша екінші орында
- авторjambylinfo.kz
- 20 қазан, 2021
- 221
Жамбыл облысы қаржыландырылған бизнес-жобалар саны бойынша екінші орында
Жамбыл облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде «Бастау бизнес» жобасының түлектеріне бизнесті ашу және кеңейту үшін микрокредиттер беруге 1,8 млрд. теңге бөлінген.
Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев хабарлады.
Ағымдағы жылдың 8 айында өңірдегі кәсіпкерлер жалпы көлемі 64,5 миллиард теңгені құрайтын несиеге қол жеткізген. Оның ішінде 36,6 миллиард теңге – екінші деңгейдегі банктер арқылы, 15 миллиард теңге – микроқаржы ұйымдары арқылы, 12,5 миллиард теңге – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы берілген. Несиелердің жалпы көлемінің 54 пайызы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылған.
Биыл 227 несие беру, 295 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 1,7 миллиард теңгеге 301 өтінім қабылданып, 65,5 миллион теңгені құрайтын 12 жоба қаржыландырылды.
Жамбыл облысы өңірлер бөлінісінде қаржыландырылған жобалар саны және көлемі бойынша екінші орында тұр.
- Біздің өңір айтарлықтай экономикалық және табиғи ресурстарға ие. Облыс экономикасының негізін кәсіпкерлік құрайды. Халықты кәсіпкерлікке тарту жұмыспен қамту секілді көптеген мәселелерді шешеді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санының қысқаруына жол бермеу керек. Мемлекеттік қолдау ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік әлеуетін арттыруда. Бізде шағын және орта бизнес үшін жақсы инвестициялық климат қалыптасқан және оны дамыту үшін мүмкіншіліктер жеткілікті. ШОБ субъектілерін несиелендіру жұмыстары тұрақты негізде жалғасуы тиіс, - деді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024