Жамбыл облысы қайтарымсыз грант беру бойынша республикада көш басында
- авторjambylinfo.kz
- 20 қаңтар, 2022
- 378
Өткен тәулікте өңірде коронавирустың 259 жағдайы, пневмонияның 1 дерегі тіркелді. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте айтылып, аурушаңдықтың алдын алуға бағытталған шараларды күшейтуге жұмыстары сараланды.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев өңірдегі эпидемиологиялық ахуал және вакцинациялау жұмыстарының барысы туралы баяндады.
Оның айтуынша, жалпы бүгінге дейін облыс аумағында COVID-19 індетінің 22 785 жағдайы, пневмонияның – 8348 жағдайы тіркелген.
«18 желтоқсаннан 18 қантарға дейінгі аралықтааурушаңдық деңгейі 10 есеге көбейді. Бекітілген жоспарға сәйкес, ағымдағы жағдай бойынша облыстағы ауруханаларда 778 инфекциялық, оның ішінде 87 реанимациялық төсек қоры, оған қоса 120 төсек орынға арналған карантиндік стационарлар жұмысатқаруда.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты COVID-19-бен ауыратын науқастарды емдеу үшін қосымша резерв ретінде
2 682 инфекциялық, оның ішінде 266 реанимациялық төсек қоры ашылып, жұмылдырылатын болады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024