«Жамбыл облысына - 85 жыл»: Атаулы датаға мәдениет басқармасы қандай іс-шаралар ұйымдастырып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 20 қыркүйек, 2024
- 685
Биыл Жамбыл облысының 85 жылдығына орай қанша мәдение іс-шара өтетінін белгілі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жамбыл облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының дерегінше, жылдағы дәстүр бойынша облыстың 10 ауданында мәдениет күндері өтеді. Ауқымды шараны алдымен Т. Рысқұлов ауданы өткізген.
- Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында «Мәдениет – асыл қазынам» атты облыс аудандарының мәдениет күндері өткен аптада, яғни 23 тамызда Т.Рысқұлов ауданынан басталды (28 тамыз – Шу ауданында өтті). Аталған іс-шара аудан орталықтарында қараша айына дейін жалғасатын болады. 25 қыркүйек күні Жуалы ауданындағы Ш.Мұртазаның әдеби мемориялдық үйінде Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның туған күніне орай «Түсіме ылғи мыңбұлақ кіреді» атты ашық аспан астындағы әдеби-сазды кеш жоспарланып отыр. 27 қыркүйекте Меркі ауданында Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар өтеді. 27-29 қыркүйек күндері өтетін «Тараз – қолөнершілер қаласы» дүниежүзілік қолөнершілер көрмесі қонақтарына арналған концерттік бағдарламаның жобасы дайындалды,- делінген хабарламада.
Сонымен қатар, айтулы датаға орай жоспарға сәйкес өткізіліп жатқан іс-шаралар да бар.
Оның ішінде:
- «Жамбыл - менің жай атым, халық - менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысы;
- Бағдат Сәмидинованың 70 жас мерейтойына арналған «Мен даланың қызымын…» атты ән кеші;
- «Аялы әже» атты форумы өтті;
- «Art & Science(арт сайнс): білімге деген құштарлық» халықаралық кітап фестивалі;
- Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай халық театрларының «Жүз шымшыма...» атты республикалық әзіл-сықақ байқау-фестивалі;
- Үміт Қыранқызы Битенованың 60 жас мерейтойына арналған «Жырла, жүрек» және Хамит Есеманның «Сағыныш» атты шығармашылық кештері;
- «Жаңа есім – 2024» жобасы;
- «Көне Тараз күмбірі» ІІІ республикалық фольклорлық ансамбльдер конкурсы;
- «Туған өлкем - Жамбылым!» атты жазба ақындардың республикалық жабық жыр мүшәйрасы бар.
Сондай-ақ алдағы уақытта Жамбыл облысының 85 жылдығына орай «Туған өлкем - Жамбылым!» атты композиторлар мен қылқалам шеберлерінің республикалық байқаулары, қолөнершілердің облыстық байқауы өтпек.
- Өңірімізде классика жанрын жандандыру, насихаттау мақсатында былтырғы жылы Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында отандық классикалық музыка әлеміндегі танымал музыканттар мен белгілі әншілердің қатысуымен «Күзгі әуен» классикалық өнер кеші ұйымдастырылған болатын. Шараға Толқын Забирова, Жәмилә Серкебаева, Майра Мұхаммедқызы және Шымкент қалалық опера және балет театрының симфониялық оркестрі қатысты. Биылғы жылы да аталмыш феститвальді қазан айына жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, қазан айында халық ақыны, жырау, дүлдүл әнші, көрнекті композитор Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына арналған Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым» ХІІ Республикалық дәстүрлі әншілер конкурс-фестивалі ұйымдастырылады,- деп мәлімдеді басқарма.
Айта кетерлігі, қараша айында да жамбылдықтарды думанға бөлейтін кеш аз емес. Бұл кезде жылдың қорытынды гала концерті өтеді.
- Қараша айында облыс орталығында жыл бойын өткен шаралардың қорытынды Гала концерті мен марапаттауларын өткізетін боламыз. Сондай-ақ, Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына орай қараша айының аяғында Жамбыл Жабаевтің шығармаларынан өзге ұлт өкілдері арасында «Тыңда дала Жамбылды» атты республикалық конкурсын өткіземіз,- делінген ресми ақпаратта.
Басқарма облысымыздың інжу-маржаны саналатын қасиетті де киелі «Айша мен Қарахан баба: ғылыми деректер, аңыздар» атты ғылыми деректерге негізделген кітап құрастырылып жатқанын да мәлім етті.
- Ол кітапта аталған екі тұлғаның басында орналасқан кесенелердің архитектуралық құрылысы, олар туралы аңыздар мен ғалымдар тарапынан зерттелген ғылыми деректер енетін болады. Ғылыми деректердің ішінде: Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрік, Иран, Қазақстан республикаларының ғалымдары жазған еңбектері бар. Бұл еңбекті құрастыру барысында Иран республикасының, Л.Гумилев атындағы университеттің, Шығыстану институтының және Әдебиет және өнер институтының парсы, арап, түрік тілді мамандарымен бірлесе жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақыттарда Айша мен Қарахан бабаға қатысты тың дүниелердің айналымға енетініне зор мүмкіндіктер бар. Тарихи маңызы ерекше туындыны қазан айында шығару жоспарланып жатыр. Сонымен қатар, «ТАРАЗ – ӨРКЕНИЕТ ӨРІМДЕРІНІҢ КУӘГЕРІ» атты жинақ дайындалуда. Жыл соңына дейін екі кітаптың тұсауын кесетін боламыз. Бұл жинақта мыңдаған жылдардан бері қалыптасып келе жатқан Тараз, Талас, Қаратау, Шу, Алатау бөктерін жайлаған Түркі халықтарының терең тарихы мен мәдениетіне, әлемге қанат жайған түркінің ұлы өркениетіне қатысы бар Жамбыл облысы мен Тараз қаласының өткен тарихы мен бүгінгі мәдени дамуы, сәулеттік өркендеуі, облыстың жалпы табиғаты мен туристік нысандары баяндалады,- деп хабарлады облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Абай облысында әскери қызметкердің мәйіті үйінен табылды
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024