жексенбі, 29 желтоқсан, 2024 6:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт бес адамды атып тастады

Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт бес адамды атып тастады
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт бес адамды атып тастады
Жамбыл облысы Саудакент ауылында 22 жастағы жігіт 5 адамды атып тастады.
Оқ тиген 20 мен 24 жас аралығындағы жігіттер Сарысу аудандық ауруханасына жеткізілді. Полицияның мәліметінше, ауыл жастарының арасында текетірес болған. Кикілжіңнен кейін  күдікті бір топ жігітті 16-шы калибрлі қарумен жайратып салған. Шамамен 30 метр жерден атылған бытыра 5 жігітке тиген. Үшеуі қазір аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр. Ал қалған екеуі Тараз қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілген. Оқ екеуінің де басына тиіп, біреуінің миына қан құйылған. Қазір олар жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. «Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұзақылық ниетпен «Бірнеше адамды өлтіруге оқталу» бабымен іс қозғалды. Бұл азаматтардың арасында жанжал болғандығы анықталды. Содан кейін күдікті оларға қарай оқ атқан. Ол жедел іздестіріліп ұсталды. Қылмысын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді облыстық ПД криминалдық полиция бастығы Ардақ Мәдімаров.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар