Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында 25 мыңға жуық жұмысшының жалақысы 24 пайызға өсті
- авторjambylinfo.kz
- 8 ақпан, 2022
- 190
Жамбыл облысында 25 мыңға жуық жұмысшының жалақысы 24 пайызға өсті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі барлық ірі кәсіпорын ұжымдарымен кездесіп, басшыларының жұмысшылардың жалақыларының өсуі, еңбек жағдайларының жақсару секілді міндеттердің орындалулары жөнінде есептерін тыңдады.
Облыста жұмыс орындарын сақтауға, өндіріс көлемін ұлғайтуға және жұмысшылар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындауға айрықша назар аударылуда. Жамбылдық кәсіпорын басшылықтарымен 100 пайыз үшжақты меморандумдар жасалып, нәтижесінде өткен жылдың қорытындысымен өңірдегі 195 кәсіпорын жұмысшылардың (25 мыңға жуық адам) жалақысын орташа есеппен 24 пайызға көтерген.
Ағымдағы жыл басынан бері 31 ірі кәсіпорындағы жұмысшылардың жалақысы орташа есеппен 12 пайызға артқан. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Қазфосфат» ЖШС қызметкерлерінің (барлығы 6200 адам еңбек етеді) жалақысы өткен жылы 25 пайызға, биыл 15 пайызға, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға (770) артты.
«Таразэнергоорталық» АҚ өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорын жұмысшыларының жалақысын 28 пайызға, өндірістік қызметкерлердің жалақысы 38 пайызға өсірген.
Бердібек Сапарбаев кәсіпорын басшыларына еңбек жағдайларын жақсарту, жыл сайын жалақыны көтеру шараларын жүйелі жүзеге асыруды, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшыларына аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуді тапсырды
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024