жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында 45 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тіркелген

Жамбыл облысында 45 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тіркелген
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өткен жылмен салыстырғанда Жамбыл облысында қатерлі ісікке байланысты мүгедектікке шығу жағдайы көбейді. 2025 жылдың сегіз айында алғаш рет мүгедектік алған 1702 адамның 407-і осы дертке шалдыққан.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Ержан Ергеш мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Департамент басшысының орынбасары Ержан Ергештің айтуынша, өңірде медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері арқылы 17 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Биыл 8 айда тұрғындарға барлығы 9,5 мыңнан астам қызмет ұсынылған, оның 40 пайызға жуығы онлайн форматта рәсімделген.

«Мүгедектігі бар адамдардың деректер базасында облыс бойынша 45 739 азамат тіркелген. Олардың ішінде 38 939-ы – ересектер, 6 800-і – балалар. Жыныстық құрам бойынша ерлердің үлесі – 58 пайыздан асады», – деді Ержан Ергеш.

Өткен жылмен салыстырғанда биыл мүмкіндігі шектеулі жандарға тағайындалатын жәрдемақы мөлшері де артты. Мәселен, І топтағы мүгедектер ай сайын 101 мың теңгеден астам, ІІ топтағылар – 81 мың теңгеден, ал ІІІ топтағылар – 55 мың теңгеден алады.

Сондай-ақ биыл облыста 1 702 адам алғаш рет мүгедектікке шыққан. Олардың жартысынан көбі – еңбекке жарамды жастағылар. Ал себептердің ішінде қатерлі ісік аурулары алдыңғы орынға шыққан.

Маманның айтуынша, алдағы уақытта қызмет көрсету сапасын арттыру мен әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру басты назарда болмақ.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар