"Есірткісіз болашақ": Таразда жүргізушілер арасында әлеуметтік эксперимент өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 24 қыркүйек, 2025
- 341
Таразда әлеуметтік эксперимент ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Тараз қалалық Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, қаланың автобекет маңында ерекше сипаттағы әлеуметтік шара өткізді.
Бұл әрекеттің басты мақсаты — тасымалдаушылардың заңға деген көзқарасын бағалау және тыйым салынған заттарды жеткізудің құқықтық салдары туралы еске салу болды.
Эксперимент қорытындысында жүргізушілердің басым бөлігі күдікті ұсыныстан бас тартып, сақтық пен жауапкершілік танытты. Оларға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі есірткі тасымалына байланысты баптар мен мұндай құқық бұзушылықтың ауыр зардаптары түсіндірілді.
Шара соңында адалдық пен заңға деген жауапкершілік көрсеткен азаматтарға "Есірткісіз болашақ" деген ұран жазылған футболкалар мен бейсболкалар табыс етілді.





