Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында 65 жетім баланы қомқоршылары үй кезегіне қоймаған
- авторМағжан Орынбасар
- 23 тамыз, 2024
- 442
Бұл бір ғана Байзақ ауданы бойынша көрсеткіш
Жамбыл облысында 65 жетім баланы қомқоршылары үй кезегіне қоймаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жамбыл облысының прокуратурасы әлеуметтік тұрғын үйге мұқтаж 350-ден астам азаматтың құқықтарын қорғаған. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 356 азаматтың, оның ішінде 156 жетім баланың тұрғын үй бойынша құқығының тапталуына жол бермеді.
Атап айтқанда тексеру нәтижесінде жергілікті атқарушы органның жалдамалы тұрғын үй үшін төлемді негізсіз жоғарлату, пәтерлерді беру кезінде кезекті сақтамау және т.б. фактілері анықталған.
- Мысалы, Байзақ ауданында 2014 жылдан бері 65 баланы қамқоршылары баспанаға кезекке қоймаған. Прокурорлық ден қою шаралары бойынша жалдау ақысының құнын жалпы сомасы 1,2 млн теңгеге төмендету жолымен 200 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді, 156 жетім бала кезекке қойылды, олардың 3-уі тұрғын үй алды. Жыл соңына дейін 66 жетім баланы пәтерлермен қамтамасыз ету жоспарлануда. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері ерекше бақылауда,- делінген ресми хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024