дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында 655 шақырымнан астам канал жөнделіп, 46 ұңғыма қайта бұрғыланған

Жамбыл облысында 655 шақырымнан астам канал жөнделіп, 46 ұңғыма қайта бұрғыланған
Сурет ашық дереккөзден алынды
2024-2025 жылдар аралығында облыста тағы 200 шақырымға жуық каналды реконструкциялау жоспарланып отыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары аясында Қордай, Шу және Меркі аудандарын аралап, су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Жамбыл облысында 655 шақырымнан астам канал жөнделіп, 46 ұңғыма қайта бұрғыланған. Сонымен қатар, биыл 128 шақырым болатын 14 каналды бетонмен қаптау жұмысын бастау көзделуде.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен Қордай ауданындағы Қайнар ауылында 3 800 га суармалы алқапты сумен жабдықтауды ұлғайту үшін қысымды су құбыры салынып жатыр. Жоба қосымша секундына 1 текше метр су алуға мүмкіндік береді. Бұл жергілікті шаруаларды суармалы сумен қамту мәселесін толық шешу үшін қажет.

«Жамбыл облысында жүзеге асырып жатқан барлық жобалар суармалы алқаптардың көлемін ұлғайтуға, суды тиімді пайдалануға және су беру сапасын жақсартуға бағытталған. Сол себепті құрылыс жұмыстарын мерзімінен кешіктірмей әрі сапалы аяқтау керек»,- деді Нұржан Нұржігітов.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар