Жамбыл облысында Ресей салатын мектепте сол елдің мұғалімдері сабақ беретіні рас па
- авторjambylinfo.kz
- 12 наурыз, 2024
- 1.8k
Ресей Қазақстанның оңтүстігінде салатын мектептерге көрші елдің мұғалімдері келмейді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Мектеп салынатыны рас. Оны өздеріңіз білесіздер. Екі мемлекет басшыларының сапарлары кезінде талай талқыланды. Оның бәрі жазылды. Бірақ мұғалімдер алып келеді немесе басқа педагогтер келеді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Өйткені ол жалған ақпарат», - деді Смадияров СІМ өткен апта сайынғы брифингте.
Оның айтуынша, қазір ресейлік тарап бұл ақпаратты өз сайттарынан өшіріп тастады.
«Жалған болып шыққан ғой. Ресей есебінен мектептер салынады, бірақ бүкіл кадр өзіміздікі болады. Ресейден ешқандай да мұғалім келмейді», - деді СІМ ресми өкілі.
Бұған дейін Ресей Қазақстанның оңтүстігінде үш мектеп салатыны хабарланған болатын.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024