жұма, 8 қараша, 2024 10:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында бір тәулікте 5725 адам вакцина алды

Жамбыл облысында бір тәулікте 5725 адам вакцина алды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында бір тәулікте 5725 адам вакцина алды
Жамбыл облысындағы 10 зертханада тәулігіне шамамен 2600-2800 ПТР зерттеу жүргізілуде. Жамбыл облысында соңғы тәулікте коронавирустың 219, пневмонияның 37 жағдайы тіркелді. Ал, облыс аумағындағы 10 зертханада тәулігіне шамамен 2600-2800 ПТР зерттеу жүргізілуде. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді. «Мониторингке сәйкес, бүгінгі дейін облыс аумағында жалпы COVID-19 вирусын жұқтырудың 15 457 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші 1357,5 құрады. Пневмонияның – 6438 жағдайы тіркелген. Жалпы ауруханалардан – 11 713 азамат сауығып шықты»,-деді Ә. Қалиев. Сондай-ақ, басқарма басшысы облыс бойынша 43 егу пункттері бар екенін жеткізді, олардың 15-і қалада, 28-і аудандарда орналасқан. «Жамбыл облысында соңғы тәулікте 5725 адам екпе алды, оның ішінде 1-айналымда 3015 адамға, 2 айналымда 2710 адамға екпе жасалды. 18 тамыздағы жағдай бойынша 1 рет барлығы – 330484 адам вакцина салдырды, бұл жоспардағы 582 мың адамның 56,8 пайызын құрайды. Екпе алған 330484 адамның,​ 252425 вакцинаның​ екінші компонентін​ алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ»,-деді спикер.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар