Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында биыл егіс алқабы 14,4 мың гектарға артты
- авторjambylinfo.kz
- 22 ақпан, 2023
- 258
Жамбыл облысында биыл егіс алқабы 14,4 мың гектарға артты
Биыл Жамбыл облысында 770,4 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарда. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдарды - 398,3 мың гектарға, майлы дақылдарды - 72,1 мың гектарға, қант қызылшасын - 10,4 мың гектарға, картопты - 11,8 мың гектарға, көкөніс дақылдарын - 44,8 мың гектарға, бақша дақылдарын - 16,8 мың гектарға және мал азығы дақылдарын - 216,2 мың гектарға орналастыру межеленіп отыр. Жаздық дақылдарға қажетті 95,6 мың тонна тұқым көлемінің, бүгінгі күнге 70 мың тоннасы қолда бар.
Сонымен қатар көктемгі дала жұмыстарына 6 883 дана техника жұмысқа тартылатын болады. Атап айтсақ, тракторлар - 4 529 дана, соқалар - 1 071 дана, қопсытқыштар - 457 данасы, дән сепкіштердің - 746 дана, тұқым дәрілегіштер - 80 дана.
Бүгінгі таңда аудандарда ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыс бойынша көктемгі дала жұмыстарына қатысатын техникалар дайындығы - 94% құрады.
2023 жылғы көктемгі дала жұмыстарына ақпан-сәуір айларына жалпы 15,5 мың тонна (ақпан 8,3 мың тн., наурыз 4,0 мың тн., сәуір 3,2 мың тн.) дизель отыны бөлініп, облыс бойынша жалпы 14 таратушы операторлар бекітілді. Бүгінгі күнге бекітілген таратушы операторлар жеткізілген дизель отынын сату үшін шығын калькуляциясын есептеп, дизель отынының 1 л үшін босату бағасы 204-214 теңге аралығында бекітілді.
Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мақсатында облысқа 2023 жылға «Кең дала» бағдарламасына 1,0 млрд. теңге қаржы қарастырылған. Бүгінгі күнге облыс бойынша 15 ауыл шаруашылығы құрылымдарынан 128,3 млн. теңгеге өтінім түсіп, 10 шаруашылыққа 53,1 млн. теңге төленді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024