Жамбыл облысында ХҚКО-ларда орнатылған постаматтар арқылы құжат алу көрсеткіші артты
- авторБақытжан Бекболат
- 20 мамыр, 2025
- 199

Бұл өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім бар екенін көрсетеді. Мәселен, 2024 жылы бұл қызмет түрін небәрі 90 адам ғана пайдаланған еді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалының мәліметінше, постаматтар арқылы құжат алу сервисі күн санап сұранысқа ие болуда. Себебі көптеген азаматтар ХҚКО-ға жұмыс уақытында келе алмайды. Ал постаматтар арқылы олар қажетті құжаттарын кез келген уақытта – тәуліктің кез келген мезгілінде ала алады. Бұл – уақыт үнемдеудің және қызмет сапасын арттырудың тиімді жолы.
Тараз қаласындағы №1 ХҚКО басшысы Шалқар Елеместің айтуынша, бұл сервис алғаш іске қосылған кезде ол тек 11 қызмет түрі бойынша қолжетімді болған. Ал қазіргі таңда қызметтер саны 15-ке жетті. Олардың қатарында баланың тууын тіркеу, құжаттарға апостиль қою, құқық белгілейтін құжаттардың телнұсқаларын беру, қайталама куәліктер мен АХАТ мұрағатынан анықтамалар беру сияқты қызметтер бар.
Қызмет алушылар көрсетілген қызмет түрлеріне өтініш бергеннен кейін, дайын құжаттарын постамат арқылы алуға ұсыныс алады. Ол үшін азаматтың телефонына SMS-хабарлама жолданады. Содан кейін биометриялық сәйкестендіруден өтіп, SMS арқылы келген бес таңбалы кодты енгізу арқылы құжатты алып кетуге болады.
Айта кету керек, постаматта құжаттар үш күн бойы сақталады. Егер бұл уақыт ішінде алынбаса, құжат автоматты түрде ХҚКО-ның дайын құжаттарды беру секторына ауыстырылады.
Қазіргі таңда постаматтар мына мекенжайлардағы ХҚКО-ларда орнатылған:
1. Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 89Г
2. Қордай ауданы, Батыс тұрғын алаңы, 25
Президент мәдениет саласының қызметкерлерін наградтады
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында жасырын алтын өндірісі әшкереленді
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 маусым, 2025