жексенбі, 17 қараша, 2024 23:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысы өсуде

Жамбыл облысында өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысы өсуде
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысы өсуде

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Қазфосфат» ЖШС, «Тараз металлургия зауыты»ЖШС жұмысшыларымен кездесіп, кәсіпорын басшыларының есебін тыңдады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Қазфосфат» ЖШС қызметкерлерінің арлығы 6200 адам еңбек етеді) жалақысы өткен жылы 40 пайызға, биыл 15 пайызға, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға (770) артты.

«Қазфосфат» ЖШС фосфориттер, сары фосфор, аммофос және трикальцийфосфатын өндіреді. Шығарылған өнімнің 80 пайызға жуығы Ресей, Беларусь, Украина, Литва, Латвия, Польша және басқа елдерге экспортталады.

Бас директор Нұрхан Нұрланов әлеуметтік міндеттемелерді орындауға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Кәсіпорын небәрі үш айда Қаратау қаласында 72 пәтерлі үйді жөндеуден өткізіп пайдалануға берді. Онда бірінші кезекте, көп балалы отбасылар, өндіріс ардагерлері, сондай-ақ еңбек мүгедектері баспаналы болды. Сонымен қатар, осы қалада «Қазфосфат» ЖШС қаражатына «Тәуелсіздікке 30 жыл» саябағы салынды. Жаңатас қаласында жұмысшылар үшін 220 пәтерлік тұрғын үй кешенін салу жоспарлануда.

«Таразға тарту» жобасы аясында компания Үшбұлақ жағалауын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізді.

Жалпы, серіктестік өткен жылы әлеуметтік нысандардың құрылысына 6,8 миллион АҚШ долларын бөлсе, биыл 21,2 миллион АҚШ долларын қарастырған.

Тағы бір айта кетерлігі, мереке қарсаңында зауыт жұмысшыларына сыйақы беріледі.

Қазіргі уақытта құны 77,6 млн. АҚШ долларын құрайтын, жылына 500 мың тонна аммофос шығаруғақауқарлы жаңа желінің құрылысы жүруде. Оған барлығы 20 мердігерлік ұйым, 600-ден астам құрылысшы тартылған. Желі іске қосылғаннан кейін 500-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылмақ.

«ТМЗ» ЖШС жыл сайын 60 мың тоннаға дейін ферроқорытпа мен 48 мың тонна электрод массасын өндіре алады. Бұл туралы бас директоры Ғабит Сұлтанқұлов жеткізді. Өнім Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Грузия, Қырғыз Республикасына экспортталады. Кәсіпорын Қазақстандағы электродмассасын жалғыз өндіруші болып табылады. Электрод массасын шығару цехын жаңғырту және қойманы қайта жаңғырту жұмыстары атқарылуда.

Басқосуда бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары да есеп берді.

- Қандай да бір қиындықтарға қарамастан, зауыттардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, ұжымдық шарттар бойынша міндеттемелерді орындау қажет. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша үлкен жұмыстар орындалуда. Облыстың ірі өнеркәсіп кәсіпорындарына жан-жақты қолдау көрсетіледі. Жұмыс орындарын қысқартпау, жалақыны арттыру,еңбек жағдайларын жақсарту секілді мәселелер әрқашан ерекше бақылауда болуы тиіс. Кәсіпорындар облыстағы колледждермен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты күшейтуі қажет. Дуалды оқытуды енгізу жұмыстарындағы формализмнен арылу және сұранысқа ие мамандарды бірлесіп даярлау керек, - деп атап өтті облыс әкімі.

Аймақ басшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі басты назарда болуы маңызды екенін айтты.

- Біздің міндетіміз  әлеуметтік мәселелерді бірлесіп шешу және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау, - деді Бердібек Сапарбаев.

Кездесу барысында кадрлардың жетіспеушілігі, логистика, қоғамдық көлік жұмысы, жолдардың жағдайы, санитарлық-қорғау аймағын абаттандыруға қатысты мәселелерге де көңіл бөлінді.

Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының әкімі мен басқарма басшыларына өзекті мәселелерді шешуде кәсіпорындармен өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды.

Бұл күні облыс әкімі «Қазфосфат» ЖШС-ніңаммофос шығаратын жаңа желісінің құрылысымен танысты. Сондай-ақ, «Джон Бан МеталлПром» ЖШС мырыш тотығын, қорғасын шығаратын цехты қайта жаңғырту жұмыстар барысын тексерді. Цех іске қосылғаннан кейін 200 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.

Айта кетейік, 2021 жылы облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 553 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Өнеркәсіп өндірісінің индексі 104,5 пайызды құрады.

Анара Матчанова.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар