бейсенбі, 12 маусым, 2025 2:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында «Қолөнершілер үйі» креативті хабы ашылды

Жамбыл облысында «Қолөнершілер үйі» креативті хабы ашылды
Фото - Jambylinfo.kz
Тараз – 2022 жылдан бері Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы мәртебесіне ие

Жамбыл облысында креативті индустрияны дамытуға бағытталған маңызды қадам жасалды — Тараз қаласында өңірдегі алғашқы ауқымды шығармашылық алаң «Қолөнершілер үйі» өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 “Қолөнершілер үйінің” лентасын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, «Алматы қолөнер палатасы» Қоғамдық қорының вице-президенті Дәмелі Жанашева және Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің Азия-Тынық мұхиты бойынша Вице-президенті, «Aspara Fashion Week» халықаралық сән апталығының президенті Айдархан Қалиев қиды.

Хабтың ашылуы — ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы аясында жүзеге асырылып жатқан креативті индустрияны қолдау саясатының нақты көрінісі.

«Қолөнершілер үйі» 190-ға жуық шеберді біріктіріп, олардың кәсібін дамытуға, өнімдерін нарыққа шығаруға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

 Аталған нысан – Жамбыл өңірінде креативті кәсіпкерлікті, ұлттық қолөнерді және жастар шығармашылығын қолдайтын жаңа орталық болмақ.

 Тараз – 2022 жылдан бері Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы мәртебесіне ие.

Қала ЮНЕСКО-ның шығармашылық қалалар тізіміне ену жолында қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар