бейсенбі, 12 маусым, 2025 21:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шерзаттың ағасына төбелес кезінде келген жарақаттар жеңіл дене жарақаты деп танылды

Шерзаттың ағасына төбелес кезінде келген жарақаттар жеңіл дене жарақаты деп танылды
Жоғарғы соттың трансляциясынан скриндалды
Бұл туралы Алматы облыстық сот-медициналық сараптама зертханасының маманы Өмірбек Жолумбетов мәлімдеді

Шерзат Полаттың ағасы — Нұрқанат Ғайыпбаевтың төбелес кезінде алған жарақаттары жеңіл дене жарақаты ретінде бағаланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Терапевттің қарауынан кейін Ғайыпбаевқа мынадай клиникалық диагноз қойылған: жабық бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы, маңдай тұсында жұмсақ тіндердің жарақаты мен сырылып түсуі, шүйде тұсында гематома, кеуде тұсындағы жабық жарақат, шынтақ маңайындағы жұмсақ тіндердің соғылуы, оң жақ бөксе тұсындағы бірнеше пышақ жарақаты, тізе буынындағы жұмсақ тіндердің соғылуы.

"Ұсынылған медициналық құжаттардың және медициналық куәландыру негізінде бас сүйек миының жабық зақымы түріндегі жарақат, бас миының шайқалуы, оң жақ жамбасы тұсындағы шаншыла кесілген жаралар түріндегі жарақаттары үш аптадан аспайтын мерзімде денсаулыққа қысқа мерзімде зақым келтіру белгісі бойынша денсаулыққа жеңіл түрде зиян келтіру ретінде сараланды. Беті тұсындағы қанталаулар және терісі сыдырылған жаралар түріндегі, жамбасы, аяқ-қолдарының тұсындағы дәл осындай жарақаттар денсаулыққа зиян келтірмеген жарақат ретінде бағаланады. Келтірілген жарақаттар медециналық құжатта көрсетілгендерге және куәландыру кезінде анықталғандарға қарама қайшылық тудырмады", – деді Жолумбетов.

Сарапшының айтуынша, жарақаттардың сипаты жеңіл болған. Олар адамның мүгедек болуына немесе есінен тануына себеп бола алмайды және "өздігінен жазылып кететін жарақаттар" санатына жатады.

Айта кетейік, 2024 жылдың желтоқсанында Талғар шетінде Шерзат Полаттың ағасының денесі табылған. Кейін полиция Нұрқанат Ғайыпбаев өзіне-өзі қол жұмсамас бұрын хат жазып кеткенін хабарлаған еді.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар