жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында полицейлер заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі затын тәркіледі

Жамбыл облысында полицейлер заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі затын тәркіледі
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында полицейлер заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі затын тәркіледі
Жыл басынан бері Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 677 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде 113 есірткі өткізу дерегі, аса ірі көлемде сақтаудың- 77 дерегі, есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұздың-1 дерегі. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері 431 қылмыстық теріс қылықты, есірткі заттарын контрабандалаудың 22 дерегін және құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 23 дерегін анықтап, 587 түп марихуана есіркі шөбін жойды. "Заңсыз айналымнан 3 тонна 354 келі түрлі есірткі заттары, оның ішінде 3 тонна 248 келі марихуана, 105 келіден астам гашиш, 1 келі 35 грамм героин және 1 келіден астам синтетикалық есірткі заттары тәркіленді", - дп атап көрсетті Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков. Сонымен қатар, Жамбыл облысының аумағында жерді жырту, шабу және өртеу арқылы 112 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 62 тоннаға артық.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар