Жамбыл облысында үш мың тоннадан астам жабайы қарасора жойылды
- авторБақытжан Бекболат
- 18 тамыз, 2025
- 397
1 маусымнан бастап Жамбыл облысында 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспар мен "Заң және тәртіп" бағдарламасы аясында "Қарасора - 2025" республикалық ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алған болатын, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алдын алу жұмыстары барысында Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері, есірткі заттарын жою жөніндегі жылжымалы комиссия құрамында, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.
Есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қою мақсатында жабайы қарасора өсетін алқаптарды анықтап, жою бойынша кең көлемді жұмыс жүргізілді. Арнайы ауыл шаруашылығы техникасының көмегімен облыстың құмды аймақтарына жақын 4 394,6 гектар жердегі қарасора орып-шабылды. Жиналған өсімдіктер толықтай өртеу арқылы жойылды, - деп атап өтті министрліктен.
Нәтижесінде, үш мың тоннадан астам жабайы қарасора құрдымға жіберілді. Мұндай шаралар – өсімдік тектес есірткі шикізатының заңсыз айналымға түсуіне жол бермеу және өңірдегі нашақорлық қатерін азайту жолындағы маңызды қадам.






