жұма, 5 желтоқсан, 2025 23:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында шартты түрде сотталған төрт адам рақымшылыққа ілінді

Жамбыл облысында шартты түрде сотталған төрт адам рақымшылыққа ілінді
Фото: Zakon.kz
Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

  Мойынқұм аудандық соты ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай қабылданған "Рақымшылық жасау туралы" Заң аясында төрт сотталған азаматқа қатысты пробация қызметінің ұсыныстары бойынша материалдарды қарады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz   akon.kz сілтеме жасап. 

Іс материалдарына сәйкес, олар әртүрлі мерзімге шартты түрде сотталған:

азамат О. 2024 жылғы қарашада ұрлық жасағаны үшін бір жылға бас бостандығынан шектеуге;

азаматша С. 2025 жылғы мамырда өзгеге күш қолданғаны үшін бір жылға бас бостандығынан шектеуге;

азамат Ө. 2024 жылғы қарашада адамдар тобымен бұзақылық жасағаны үшін бір жылға бас бостандығынан шектеуге;

азамат А. 2024 жылғы қарашада айтарлықтай залал келтіре отырып, заңсыз балық аулағаны 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеуге сотты болған.

Аталған баптар ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатады және "Рақымшылық жасау туралы" заңда көрсетілген критерийлерге сәйкес келеді. Сот отырысында сотталғандар пробация қызметінің ұсыныстарын толығымен қолдап, соттан оларды негізгі жазадан босатуды сұрады.

Сот іс материалдарын зерттегеннен кейін ұсыныстар қанағаттандырылды.

"Сотталғандар "Рақымшылық жасау туралы" Заңның 2-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес негізгі жазадан босатылды", делінген сот хабарламасында.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар