Михаил Кравец «Барыс» клубының бас бапкері болып тағайындалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 тамыз, 2025
- 460
.Астаналық "Барыс" хоккей клубы ресейлік маман Михаил Кравецтің бас бапкер қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Маманмен келісімшарт 2026 жылдың 31 мамырына дейін жасалды. Тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
Михаил Кравец жаттықтырушылық қызметін 2001 жылы бастаған. Құрлықтық хоккей лигасында әр жылдары "Витязь", "Амур", "Авангард", "Куньлунь" клубтарын жаттықтырды.
Алдыңғы бас бапкер Ғалым Мамбеталиевпен арадағы келісімшарт ҚХЛ-дың өткен маусымындағы спорттық көрсеткіштерге байланысты бұзылған.
"Барыс" клубының 2025–2026 маусымындағы жаттықтырушылар құрамы келесідей:
Бас бапкер – Михаил Кравец.
Бас бапкердің көмекшісі – Талғат Жайлауов.
Шабуылшылар жаттықтырушысы – Александр Савченков.
Қорғаушылар жаттықтырушысы – Евгений Королев.
Дене дайындығы жаттықтырушысы – Денис Малинин.
Бейнежаттықтырушы – Сергей Тамбулов.
Ұқсас жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






