жұма, 25 қазан, 2024 20:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысындағы білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы жергілікті биліктің тұрақты бақылауында.

Жамбыл облысындағы білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы жергілікті биліктің тұрақты бақылауында.
ашық дереккөзі
Жамбыл облысындағы білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы жергілікті биліктің тұрақты бақылауында.
Жамбыл облысындағы білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы жергілікті биліктің тұрақты бақылауында. Бұрын хабарланғандай, Жамбыл облысы бюджетінің жартысынан астамы білім саласына бағытталған. 2022 жылы 244,4 млрд теңге бөлінген, бұл облыстық бюджеттің 53 пайызын құрайды. 22 білім нысанының құрылысына 7,6 млрд теңге бөлінді, 7 мектеп пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы он нысан салынады. Облыстық кеңесте өткен жиында мектеп асханаларындағы тағамның сапасы, жастар саясатының жүзеге асырылуы сынды өзекті мәселелер талқыланды. «Жаңа оқу жылында мектептердегі тамақтың сапасы қатаң бақылауда болуы керек. Балалар қажетті дәрумендерді алып, ас мәзіріне бал мен сүтті енгізу керек, – деді аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов. – Өскелең ұрпақ тәрбиесі, өңірде жастар саясатын жүзеге асыру күн тәртібінде тұр. Мектеп оқушыларының бос уақытында түрлі үйірмелерге қатысып, спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Жастар саясатын шыңдап қолға алу керек. Жастар орталықтары үшін жеке ғимараттар бөлуді қарастырып, оларды жабдықтауға көмектесу керек. NEET жастарымен кешенді жұмыс жасау маңызды» деді өңір басшысы.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар