Жаңалықтар
"Салмағы 6 келі": Нұр- сұлтанда алып сәби дүниеге келді
- авторjambylinfo.kz
- 6 тамыз, 2022
- 336
"Салмағы 6 келі": Нұр- сұлтанда алып сәби дүниеге келді
Елордадағы № 3 көпсалалы аурухананың перзентхана бөлімінде салмағы 5,8 келі нәресте дүниеге келді.
Медицина қызметкерлері Исатай батыр деп еркелететін сәби 4 тамызда дүниеге келген. Оның туған кездегі бойы 63 см.Бұл 30 жастағы ананың отбасындағы үшінші перзенті – үйде кішкентай батырды әпкесі мен ағасы күтіп отыр», - деді дәрігерлер.
Айта кетейік, әйел жүктіліктің 39-аптасында босанған.
"Қиын болды. Бірақ мен аурухананың дәрігерлеріне алғыс айтамын. Қаншама мамандар қасымда болды, қолдау көрсетті, жағдайды бақылап отырды", - дейді анасы жаңа туған нәрестенің.
Әйел мен баланың жағдайы жақсы. Олар жақын күндері үйлеріне жіберіледі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала