Жамбыл облысында ғылыми кеңес құрылады - Ербол Қарашөкеев
- авторИндира Тәліпқызы
- 21 мамыр, 2024
- 596
Жамбыл облысында ғылыми кеңес құрылады. Бұл туралы аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев Ұлттық ғылым академиясы Президиумының «Қуатты өңірлік ғылым - қуатты өңір» тақырыбында өтіп жатқан көшпелі отырысында мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo kz.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Ұлттық ғылым академиясының Президенті Күрішбаевтың Жамбыл облысында ғылыми пилоттық жобаларды құру туралы ұсынысын қолдайтынын айтып, өңірде ғылымды дамыту мақсатында арнайы кеңес құрылатынын және оның жетекшісі өзі болатынын айтты.
"Өңірлерде ғылымды дамыту өте өзекті мәселе. Ауыл шаруашылығы саласын көтеру - ел экономикасын көтеру деген сөз. Жалпы, Жамбыл облысы аграрлық аймақ. Өңірдің 60% егін шаруашылығы құрайды. Тұқымды өсіру, өңдеу және суды үнемдеу технологиясын дамыту мәселесі өзекті. Облыста Ғылымм кеңес құрылады және оны өзім басқарамын", - деді Ербол Қарашөкеев.
Аймақ басшысы ғылыми кеңес құруға үлкен қаражат керегін тілге тиек етіп, бұл мәселені шешуге жергілікті кәсіпкерлерді тарту керек екенін, ол үшін арнайы қор құру керегін атап өтті. Сонымен қатар, аймақ басшысы облыста кадр даярлау мәселесі министрліктің деңгейінде шешілетін баса айтты.