Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында заңсыз алтын өңдейтін жерасты цехы анықталды
- авторjambylinfo.kz
- 19 желтоқсан, 2022
- 131
Жамбыл облысында заңсыз алтын өңдейтін жерасты цехы анықталды
Жамбылдық полицейлер жерасты цехынан 10 тоннаға жуық алтын кенін анықтады.
Басылым мәліметінше, «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Мойынқұм ауданының полиция қызметкерлері құрамында бағалы металдар бар шикізатты, тастарды заңсыз өңдеумен айналысатын жерасты цехының қызметін тоқтатты.
Жеке тұрғын үйді тексеру кезінде электрлі ұнтақтау диірмені, ұнтақталған кеннің қалдықтары, елек, магнит, таситын арбалар, күректер, сынапты сұйықтық, екі үлкен қазандық және 10 тоннаға жуық алтын кені табылдған.
Қоймада 30 және 58 жастағы екі жұмысшы болған.
Ұсталғандардың айтуынша, олар ақылы түрде жұмыс жасаған. Полиция қызметкерлері цехтың қожайыны болып табылатын 37 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.
Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 295-1-бабы 1-бөлігі (Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы) бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Талап сақталса– қауіп жоқ
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024