Жаңалықтар
Полиция саласында қызмет етемін деушілерге мүмкіндік көп
- авторjambylinfo.kz
- 22 желтоқсан, 2022
- 302
Полиция саласында қызмет етемін деушілерге мүмкіндік көп
Болат Молдабеков – Ішкі істер саласында 15 жыл жұмыс істеген полиция ардагері. Қазіргі таңда алған тәжірибесін бөлісу үшін жоғары оқу орнында сабақ береді. Бұрынғы полиция қызметкері ашқан қылмыстары, ішкі істер құрылымында жұмыс істеудің қиындықтары мен тәртіп сақшына қойылатын талаптар жайлы айтып берді.
– Болат аға, ішкі істер саласындағы еңбек жолыңызды қайдан бастадыңыз?
– Оқу бітіргеннен кейін аудандық партия комитетінде нұсқаушы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, аудандық партия комитетінің хатшысы болдым. 1986 жылы Талдықорған облысы партия комитеті бюросының шешімімен Мәскеу қаласына КСРО-ның ішкі істер академиясына оқуға түстім. 1988 жылы бітіріп келгеннен кейін бұрынғы Талдықорған облысы ішкі істер басқармасының қоғамдық тәртіпті басқару бөліміне басшы болдым. 1991 жылы Талдықорған облыстық ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқардым. 1995 жылы Қазақстанда мемлекеттік тергеу комитеті құрылды. Сол жылы Талдықорған облыстық тергеу комитеті басшысының орынбасары болдым. 1997 жылы тергеу комитеті тарағаннан кейін отставкаға кеттім. Бұдан кейін Алматы облыстық Отан жүргізушілер дайындайтын орталықта бастықтың орынбасары қызметін атқардым. 2003 жылдан бастап Жетісу университетінде экономика және заң факультетінде сабақ беремін.
1991 жылы Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары сол кездегі Талдықорған облысында ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып жүргенмін. Барлық тарихи сәт есімде. КСРО тарап, Тәуелсіздік алғанымыз, Нұрсұлтан Назарбаевтың алғаш президент болғаны көпке дейін есімізде сақталатыны анық. Өз билігіміз өзімізге тиді деп бөрікті аспанға атып, қуанғанымыз есімде.
– Ішкі істер саласынан біржола кеткіңіз келген сәттер болды ма?
– Жоқ, жұмыс істеп жүргенде мүлдем ондай ойымызда болмады. Негізінде ғылыммен шұғылданғым келген. Бірақ оған мұршам келмеді деп айтсам болады. Полицияның жұмысы оңай емес, алған біліміңді тәжірибе жүзінде көрсету керек. Ойымызда сол ғана болды. Полицияның жұмыс бір ғана режимнен тұрмайды. Таңның атысы, күннің батысы демей қылмыс болған жерге баратынбыз. Оның бас-қасында жүресің, зерттейсің. Адамның еті үйреніп кетеді екен. Тәуелсіздік алған жылдары қылмыс көп болды, алғашқы екі-үш жыл бізге қиынға тиді. Қылмыс саны артты, жарық жоқ болды. Кей тұста жалақымызды ала алмадық. Тіпті, қылмыс жасалған орынға әркім шамасына қарай жаяу баратын. 90-жылдары бізде қылмыстың жаңа түрлері пайда болды. Тапсырыспен адам өлтіру, қарақшылық көбейді. Сол уақытта жағдайдың қиындығына қарамастан полиция қызметкерлер қаншама қылмысты ашып жүрді. Кейде өзім соған таңғаламын. Бір жағы жұмысымыз өзімізге қызық. Бір жағынан өте ауыр әрі жауапты қызмет. Жалпы адамдар полицияны сынға алғанды жақсы көреді. Бірақ тәртіп сақшысы болып көрмеген соң жұмысымызды көбі түсіне бермейді. Тіпті, көшедегі бағдаршам сөніп қалса қаншама тәртіпсіздік орнайтынын ескермейді. Сондықтан, менің ойымша, қоғамдағы тәртіпсіздіктермен тек полиция ғана емес, бүкіл қоғам болып күресу керек.Полицияның жұмысы оңай емес, алған біліміңді тәжірибе жүзінде көрсету керек. Ойымызда сол ғана болды. Полицияның жұмыс бір ғана режимнен тұрмайды. Таңның атысы, күннің батысы демей қылмыс болған жерге баратынбыз. Оның бас-қасында жүресің, зерттейсің. Адамның еті үйреніп кетеді екен. Тәуелсіздік алған жылдары қылмыс көп болды, алғашқы екі-үш жыл бізге қиынға тиді. Қылмыс саны артты, жарық жоқ болды. Кей тұста жалақымызды ала алмадық. Тіпті, қылмыс жасалған орынға әркім шамасына қарай жаяу баратын. 90-жылдары бізде қылмыстың жаңа түрлері пайда болды. Тапсырыспен адам өлтіру, қарақшылық көбейді. Сол уақытта жағдайдың қиындығына қарамастан полиция қызметкерлер қаншама қылмысты ашып жүрді. Кейде өзім соған таңғаламын. Бір жағы жұмысымыз өзімізге қызық. Бір жағынан өте ауыр әрі жауапты қызмет. Жалпы адамдар полицияны сынға алғанды жақсы көреді. Бірақ тәртіп сақшысы болып көрмеген соң жұмысымызды көбі түсіне бермейді. Тіпті, көшедегі бағдаршам сөніп қалса қаншама тәртіпсіздік орнайтынын ескермейді. Сондықтан, менің ойымша, қоғамдағы тәртіпсіздіктермен тек полиция ғана емес, бүкіл қоғам болып күресу керек.
Қазір жағдаймен сол кезді салыстыратын болсақ, арасы жер мен көктей. Бүгінгі таңда қолда не керектің барлығы бар. Бейнебақылау камералары, техника жаңарған. Ол кезде ескі фотоаппараттармен суретке түсіретінбіз, басқа қолымызда ешнәрсе болмады. Сол кездегі жігіттер жағдайға қарамастан қылмыспен күресіп, небір қиыншылыққа шыдай білді. Бізді кейінгі ұрпаққа соны айтып отырамыз. Сол кездегі қызметкерлерімізге, ерлік көрсеткен сақшыларымызға, ардагерлерімізге әрқашан басымды иіп, алғысымды айтамын. Ардагер ретінде әрқашан дүниеден өткен полиция қаһармандарының ерлігін студенттер мен оқушыларға жеткізіп, үлгі етіп отырамыз.
{
"@context": "https://schema.org",
"@type": "WebSite",
"@id": "https://jambylinfo.kz/index.php/#website",
"url": "https://jambylinfo.kz/index.php/",
"name": "Полиция саласында қызмет етемін деушілерге мүмкіндік көп",
"potentialAction": {
"@type": "SearchAction",
"target": "https://jambylinfo.kz/index.php/search?query={search_term_string}",
"query-input": "required name=search_term_string"
}
}
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз