Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында жарылыстар естілуде: Қорғаныс министрлігі түсінік берді
- авторjambylinfo.kz
- 15 қазан, 2021
- 139
Жамбыл облысында жарылыстар естілуде: Қорғаныс министрлігі түсінік берді
Жамбыл облысында оқ-дәрі қалдықтарын жару жұмыстары басталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті
«Бұған дейін хабарланғандай, Жамбыл облысының Байзақ ауданында ҚР Қорғаныс министрлігінің инженерлік-саперлік бөлімшелерінің күшімен оқ-дәрі қалдықтарын бақылаумен жару басталды. Жұмыс осы жылдың 13 қарашасына дейін, дүйсенбіден жұмаға дейін күнделікті жүргізіледі. Бұл үшін әскери бөлімнен және елді мекендерден 12 шақырымнан астам қашықтағы таулы жер таңдап алынды», - деді Қорғаныс министрлігінен. Ведомство мәліметінше, мамандар тобы жергілікті халық пен инженерлік-саперлік бөлімшелер жеке құрамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін таңдалған жер учаскесін толығымен зерделеген. Жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті халыққа жару жұмыстарының жүргізілуі туралы алдан ала хабарланған. «Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлерін тарта отырып, әскери полиция күшімен жару орнының айналасындағы аумақ қоршалды. Жару кезінде дыбыстық әсер болады. Жүргізілетін жұмыстың жергілікті халық үшін қаупі жоқ», - делінген таратылған ақпаратта.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024