дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 0:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда 112 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Жамбылда 112 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
ашық дереккөзі
Жамбылда 112 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
Жыл басынан бері облыс аумағында пайдаланусыз жатқан 112 100 гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет мешігіне қайтарылған. Оның 104 849 гектары жайылым болса, 7 251 гектары егістік алқап. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды «Жайылым тапшылығы әлі де өзекті. Біз әрбір шаруа қожалық пен отбасындағы мал басын есептеп, соған сәйкес олардың үй іргесінде немесе жайлау мен қыстауға апарып бағуға қажетті мал санын саралап отыруымыз керек. Бұған дейін, сатылып, беріліп қойған жерлерді қазіргі таңда иелері ұтымды ұқсатып отыр ма? Соны зерделеуді жүктеген болатынмын»,- деп аймақ басшысы тапсырмалардың орындалу барысына назар аудартты. Жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Әбілхайыр Тамабектің айтуынша, пайдаланусыз жатқан жерлерді қайтару жоспары артығымен орындалып, 137 пайызды құраған. «Жыл басында биыл пайдаланылмай жатқан 82 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жоспар бекітілген. Бүгінгі таңдағы жағдай бойынша облыс көлемінде жалпы 112 100 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылып, жылдық жоспардың орындалуы - 137%»,-деді басқарма басшысы. Жиында төмен көрсеткіш көрсетіп отырған аудандарда жарты жылдан бері жер инспекторлары тағайындалмай отырғандығы айтылды. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы құрылған жұмысшы топтарымен жүргізілген зерделеу нәтижесінде облыс аумағында барлығы 271 623 гектер жердің игерусіз жатқандығы анықталған. Оның 19 346 гектары егістік жерлер десек, 252 277 гектары - жайылым. Бұл жерлерді 2022 жылдың соңына дейін толығымен қайтару бойынша жоспар қайта түзіліп, бекітілген. Әбілхайыр Тамабек жоспарды орындауға толық мүмкінішілік бар деп сендірді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар