дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында жолдардың сапасы қалай тексеріліп, сапасыз жол қалай анықталады

Жамбыл облысында жолдардың сапасы қалай тексеріліп, сапасыз жол қалай анықталады
Коллаж: jambylinfo.kz
Жамбыл облысында тексерілген жолдардың жартысынан көбі талапқа сай болмай шыққан

Былтыр Жамбылда «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» жүргізген тексеру жұмысы облыстағы жоспарланған обьектілердің 93 пайызын қамтыды

2023 жылы өңірдегі жергілікті маңызы бар жолдарда 2 мыңнан аса сынама алынса, республикалық маңызы бар жолдарда 700-ден аса үлгі зертханаға жөнелтілген. Нәтижесінде сынамалардың 51 пайызы талапқа сәйкес болмай шыққан, деп хабарлайды  jambylifo.kz

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалының бөлім басшысы Мадияр Мырзәлімовтың айтуынша, сапасыз жол салғаны үшін 2 инженер орнын босатқан. Бірқатар мердігерлерге айыппұл салынған. Сонымен қатар, 30 шақырым жол сүріліп, қайтадан төселген.

"Бұл факт Т.Рысқұлов ауданы, Тәтті мен Жуалы ауданындағы Теріс-ащыбұлақ ауылында болды. Жалпы 6 жол қайта салынды. Мұнда енді 5-6 мердігердің жұмысы бар. 30 шақырым жол бұзылып, қайтадан салынды",- деді  Мадияр Мырзәлімов

Айта кетерлігі, 2023 жылы анықталған ақаулардың саны 2022 жылға қарағанда едәуір көп. Өйткені «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» обьектілердегі сапаны келісім шарт арқылы қадағалайды. Соңғы жылы бұл көрсеткіш екі есеге көбейген. Сәйкесінше, сынама алынатын жолдардың саны артқан, анықталған кемшілік те аз емес. Мәселен, 2022 жылы облыстағы жолдардан мың сынама алынса, өткен жылы 2 мың үлгі зертханада тексерілген. Орталық қызметкерінің айтуынша, сынама алынатын аумақты тек мамандар ғана таңдайды. Тұрғындарға бұл жерде шектеу бар. Бірақ, өтініш-арыз жазса, істің мән-жайын анықтауға мамандар дайын.

"Нормативке сай сынама 1 шақырым жолдың 3 жерінен алынады. Талапқа сәйкес, сынама алатын жерді орталық маманы таңдайды. Тұрғындар бұл процеске араласпайды. Тұрғындар өтініш жаза алады. Ол енді құқық қорғау органдарымен жүзеге асады ғой. Бірақ біз заң аясында жауап беруге дайынбыз,-деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалының бөлім басшысы

Жалпы орталықтың облыстық филиалы өткен айда бірқатар кемшіліктердің алдын алып, оң  көрсеткіштерге қол жеткізген. 

"Кәсіпорынның негізгі қызмет түрлерінің бірі–жұмыс және материалдардың сапасын сараптау. Биыл ақпан айында филиал мамандарымен   36 нысанға 54 инспекциялық тексеру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 67  сынама  үлгісі алынып,  оның ішінде 37 -сі  талапқа сәйкес келмейтіндігі  анықталды. Сондай-ақ, зерделеу жұмыстары кезінде жалпы 33 ақау орын алғаны белгілі болды. Оның барлығы республикалық жолдардағы жол бетіндегі шұңқырлар, темiр қоршаулардың зақымдануы,  қсқы жол күтіміндегі кемшіліктер, жол жиегіндегі қар  және қар тазалау бойынша олқылықтар, –дейді Мадияр Мырзабеков 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар