Жамбыл облысының ауылдары алкогольден толық бас тартты
- авторМағжан Орынбасар
- 3 шілде, 2024
- 841
Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңаарық ауылдық округі ең үлгілі ауылдың бірі. Өйткені, мұнда соңғы 4 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Аталған ауылдық округке 1700-ге жуық адамы бар Ақтоғай және Ұзақбай Сыздықбаев ауылдары да кіреді. Бұл ауылдарда үш дүкенде алкоголь мен темекі сатылмайды. Жақында төртінші дүкен ашылмақ. Бірақ ол кәсіпкер де ауыл тұрғындарының бастамасын бірден қолдаған. Мұндай шешімді тұрғындар жас ұрпақты азғырмау үшін ақылдаса отырып қабылдаған. Нәтижесі де бар. Мәселен, бұл бастама қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ отбасылық жанжалдардың алдын алды.
Бірақ бұл жерде учаскелік полиция инспекторының құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмысы да маңызды рөл атқарады.
Учаскелік инспектор Сағынғали Саламатов 5 жылдан бері Ұ.Сыздықбаев ауылында тұрады.
"Тұрғындар өте тату, әрі белсенді. Маған барлық жағдайда көмектесуге тырысады. Мен олардың сенімін ақтап, өз уақытым мен күш-жігерімді аямай жұмсау міндетім деп санаймын. Тіпті кішігірім тұрмыстық дауларды медиация арқылы шешуге тырысамыз. Ауылдардағы жағдай тыныш болса да, мен үлкен жауапкершілікті сезінемін. Өйткені, бірнеше жылдар бойы бірлескен күш салумен қол жеткізген көрсеткішті сақтау мен үшін өте маңызды", - дейді полиция қызметкері.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024