Жамбыл облысының әкімі еңбек ардагерін қарттар күнімен құттықтады
- авторjambylinfo.kz
- 1 қазан, 2024
- 508
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев еңбек ардагері, көпбалалы ана Күлән Байділдаеваның шаңырағына барып, құрмет көрсетті.
Күлән Байділдаева 10 бала тәрбиелеп, бүгінгі күні 40-тан аса немере-шөбере сүйіп отыр. Облыс әкімі алтын құрсақты анаға ізгі тілегін арнады.
«Қарты бар үдің қазынасы бар» деген аталы сөзді ту еткен халықтың ұрпағымыз біз. Жұмабек аға екеуіңіз үлкен өмір жолымен жүріп, ұл-қыз тәрбиеледіңіздер. Сіздерге мықты денсаулық тілеймін. Немере-шөберелеріңіздің қасында айналаға шуақ шашып отырғаныңызды көру - ғанибет. Мен де ауылда өстім. Ата-әженің тәрбиесін көрдім. Сіздерге халықаралық қарттар күнінде лайық құрмет көрсетіледі,- деді Ербол Қарашөкеев.
Бұдан соң, аймақ басшысы қарияның арқасына шапан жауып, лайықты сый-құрмет көрсетті.
Күлән Байділдаева еңбек ардагері, «Алтын алқа» медалі иегері. 84 жастағы қария Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көктерек ауылында дүниеге келген.
1960 жылы педагогикалық институтты бітіріп, Тараз қаласындағы №37 Ы.Сүлейменов атындағы мектепте ұстаздықтан бастап 50 жыл бойы еңбек еткен.
Жолдасы Жұмабек Сапаралиев облыстың құрметті ардагері, қоғам қайраткері, 1994-2002 жылдары аралығында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024