бейсенбі, 13 наурыз, 2025 20:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысының полицейлері 4,6 миллион теңге қарызы бар жүргізушіні ұстады

Жамбыл облысының полицейлері 4,6 миллион теңге қарызы бар жүргізушіні ұстады
Фото: Жамбыл облысытық полиция департаменті басапасөз қызметі
Қазіргі уақытта автокөлік барлық айыппұлдары толық төленгенге дейін арнайы айып тұрағына қойылды.

Әкімшілік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы нұсқамаларды өңдеу кезінде «Toyota Vellfire» маркалы автокөлігін анықтады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аталған көліктің 27 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын азамат болып шықты. Соңғы екі ай ішінде ол Жамбыл облысында жылдамдық режимін 89 рет бұзып, жалпы сомасы 4,6 миллион теңге айыппұлға ие болған.

Тараз қаласының ПБ Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында бұл көлік анықталып, облыс орталығының көшелерінде тоқтатылды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және әрбір құқық бұзушылыққа міндетті түрде жауапкершілік қарастырылатынын еске салады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар